301 Категория: Политика - Жарияланды 08/08 - 19:48

НҰР-СҰЛТАН, 8 - тамыз. - Eurasia Todaу. Аджария Автономиялық Республикасының Батуми қаласында Тәжікстан Республикасының Құрметті консулдығы кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Тәжікстан СІМ хабарлауы бойынша Тәжікстан Елшісі құттықтау сөзінде Тәжікстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 28 жыл толуына орай Құрметті консулдықтың ашылуы екіжақты қарым-қатынастардағы маңызды оқиға болып табылатынын, екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейінің дәлелі екенін атап өтті. Сондай-ақ консулдықтың ашылуы екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-мәдени ынтымақтастық пен гуманитарлық байланыстардың деңгейін көтеруге зор үлес қосатыны
айтылды.

Аджария Автономиялық Республикасы Үкіметінің Төрағасы Торнике Рижвадзе жиналғандар алдында сөз сөйлеп, Тәжікстанның Құрметті консулдығының ашылуы екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы маңызды қадам екенін баса айтып, Тәжікстан тарапына Батумиде Құрметті консулдық ашу туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Ресми ашылу салтанатына сонымен қатар Аджария Автономиялық Республикасының Қаржы және экономика министрі Джаба Пхуткарадзе, Батуми қаласының мэрі Арчил Чиковани және оның орынбасары, жергілікті кеңес төрағасы Сулико Тебидзе, Әзірбайжан, Түркия, Иран, Украинаның бас консулдары, іскерлік, ғылыми және қоғамдық топтардың өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Теги: