1069 Категория: Политика - Жарияланды 09/08 - 16:55

НҰР-СҰЛТАН, 9 - тамыз. - Eurasia Todaу.  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға ресми сапармен келді.

Моңғолия президенті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті Сухбаатар алаңында қарсы алды.
Ресми шара барысында Моңғолия гимні орындалып,  БҰҰ Бас хатшысы Моңғолияның мемлекеттік туына құрмет көрсетті.
 БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Моңғолияға ресми сапары тамыз айының 11-не дейін жалғасады.

Теги: