• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
393 Категория: Политика - Жарияланды 03/10 - 12:56

 АСТАНА, 3 - қазан. - Eurasia Todaу. Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстері үш есеге артады. 

 Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті хабарлады. 
Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Ассамблеясының 41-ші сессиясы аясында Қазақстан мен Сауд Арабиясының азаматтық авиация саласындағы билік өкілдері өзара келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Корольдіктің Азаматтық авиация Бас басқармасының президенті Абдулазиз бен Абдуллах әл-Дуайлеж кездесуде Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тікелей әуе қатынасын орнатудың тетіктерін талқылады. Басқосуда елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығына да назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша арнайы құжатқа қол қойылды. Соған сәйкес, екі мемлекет арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны аптасына 4-тен 14 рейске дейін, яғни 3 есеге дейін ұлғаймақ.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
465.29
0.00
EUR
484.97
0.00
RUB
7.56
0.00
TJS
45.57
+0.02
TMT
132.94
+0.01
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+13°C Теһран
-6°C Мәскеу
-22°C Астана
-4°C Бішкек
-7°C Алматы
+13°C Душанбе
+16°C Ашхабад
+10°C Ташкент

Соцсети