• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
387 Категория: Политика - Жарияланды 14/12 - 13:18

АСТАНА, 14 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Сыртқы істер министрі Владимир Норов бастаған делегация Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен келіссөздер жүргізді.

ӨР СІМ мәліметі бойынша Э.Блинкен Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға беріп, оларды жүзеге асыру барысында жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді.
Америка Мемлекеттік департамент басшысы Өзбекстан республикасының адам құқықтарын қорғау, оның ішінде діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, адам саудасымен күрес және мәжбүрлі еңбекті жою саласындағы жетістіктерін ерекше атап өтті.
Мемлекеттік хатшы Өзбекстанның Орталық Азиядағы сенім мен өзара түсіністік атмосферасын нығайтуға ықпал ететін аймақтық саясатын жоғары бағалады. Осы тұрғыда Э.Блинкен Өзбекстанның Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы келісімге қол жеткізгенін құптады.
Тараптардың сауда, инвестиция, ғылым мен білім, көлік және логистика салаларында әріптестік орнатуға мүдделілігі атап өтілді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети