ӨзбекстанСыртқыістерминистріменЖапонияныңӘділетминистріынтымақтастықтыдамытумүмкіндіктерінталқылады
- Толығырақ
- Қаралды: 361
АСТАНА, 26 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Сыртқы істер министрі Владимир Норов Жапонияға барған ресми сапары барысында Жапонияның Әділет министрі Кен Сайтомен кездесті.
Кездесу барысында тараптар құқық саласындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі тереңдету перспективаларын қарастырды, оның ішінде көші-қон саласындағы өзара іс-қимылға баса назар аударды.
Серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылай отырып, екі ел министрлері құқық қолдану практикасы және түрлі тергеулер жүргізудің озық әдістері бойынша тәжірибе мен ақпаратпен белсенді алмасуға өзара қызығушылық танытты. Тараптар екі елдің прокуратура органдары арасында келісімге қол қою, құқықтық тәртіп органдары үшін кәсіби кадрлар даярлау бойынша білім беру мекемелерінің ынтымақтастығын орнату жөнінде талқылады.
Келіссөздер нәтижелері бойынша жоғарыда аталған бағыттарда екі жақты өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын құру және қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Теңге бағамы
Ауа-райы