• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
425 Категория: Политика - Жарияланды 19/01 - 14:06

АСТАНА, 19 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдолхаян Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, әңгімелесті.

Кездесуде Иран Ислам Президенті Ибраһим Раисидің Түркияға алдағы сапарының маңыздылығына тоқтала отырып, осы сапар аясында екі ел жоғары комиссияның сегізінші отырысын өткізуге дайын екендіктерін жариялады.
Кездесуде тараптар Кавказ мәселелері, Иран-Ирак-Түркия, сондай-ақ Иран-Түркия-Әзірбайжан үшжақты мәселелеріне қатысты 3+3 кездесулер өткізудің маңыздылығына тоқталды.
Иран Сыртқы істер министрі Анкара мен Дамаск арасындағы процестің басталғанына ризашылығын білдіре отырып, бұл үдерістің екі ел арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа әкелетініне сенім білдірді.
Түркия президенті Теһран мен Анкараның қарым-қатынасын маңызды әрі үздік деп атап, Иранның Астана процесі келіссөздеріндегі рөлінің маңыздылығына тоқтала келе, Иранның жаңа көзқарастарға тиімді үлес қоса алатынын баса айтты.
Амир Абдоллахиан мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған арасындағы кездесуде екі елдің энергетика, көлік, мәдениет, туризм, сауда, ғылым-технология және коммуникация салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети