АСТАНА, 24 - наурыз. - Eurasia Todaу. Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күштері Плесецк ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын ұшырды. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ақпарат тілшісі.
«Бейсенбі, 23 наурыз күні Ресей Федерациясының Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағынан (РФ Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік сынақ ғарыш айлағы) ғарыш құрылғысы бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылды»,-делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе-ғарыш күшінің зымыраны сәтті ұшырылып, ғарыш аппараты орбитаға штаттық режимде шығарылған.
Ғарыш аппаратына «Космос-2567» реттік нөмірі берілді.
«Космос-2567» технологиялық ғарыш аппараты қажетті борттық құрал-саймандармен және жүйемен жабдықталған.
«Союз-2.1а» - ресейлік зымыран тасығышы әртүрлі ғарыш аппараттарын, соның ішінде әскери мақсаттағы спутниктерді ғарышқа шығаруға арналған.
Теңге бағамы
Ауа-райы