НҰР-СҰЛТАН, 9 - ақпан. - Eurasia Today. Ресей Федерациясында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді «Спутник М» вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы егуге рұқсат етілген. Екпе салу ата-ананың келісімі арқылы жүргізіледі.
Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар тізіміне алынған, балаларға арналған коронавирусқа қарсы КовиВак вакцинасы клиникалық сынағының үшінші кезеңіне рұқсат берді. Зерттеулерге 1 050 ерікті қатысады деп жоспарланған.
Іс-шаралар Пермь, Самара, Мәскеу облысы мен Санкт-Петербургтегі төрт медициналық мекеменің базаларында өтеді.
Бүгінгі таңда Ресейде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді Гамалеи атындағы орталық әзірлеген «Спутник М» вакцинасын коронавирус инфекциясына қарсы егуге рұқсат етілген. Препарат-«Спутник V» -нің жеңілдетілген нұсқасы. Вакциналау баланың ата-анасының жазбаша келісімі және өтініші бойынша жүргізіледі.
Теңге бағамы
Ауа-райы