• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
23 Категория: Наука и Техника - Жарияланды 24/05 - 20:04

Иранның Ғылым, зерттеу және технология вице-министрі, доктор Вахид Хаддади Асл бүгін, 24 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарды арттыруға, әл-Фараби мұрасын зерттеуде серіктестік жасауға мүдделік танытты. Сонымен қатар парсы тілінен білікті мамандар дайындау тақырыбы да талқыланды.

Доктор Вахид Хаддади Асл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетіне барып, ұстаздармен кездесіп, парсы тіліне қатысты пікір алмасты.

Айта кетейік, Иранның Ғылым, зерттеу және технология вице-министрі әрі министрліктің халықаралық ғылыми байланыстар орталығының басшысы доктор Вахид Хаддади Асл Алматыда 25-26 мамырда өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін келді.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети