• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
13 Категория: Наука и Техника - Жарияланды 04/05 - 14:18

НҰРСҰЛТАН, 4-мамыр. - Eurasia Today. Эстонияда мамандар буаз сиырдың сүтінен мұрынға арналған спрей жасап шығарды. Айтуынша, спрейде коронавирусқа қарсы антидене бар. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлайды. 

Ғалымдар спрей - сиырдың уыз сүтінен алынған коронавирусқа қарсы антиденесі бар табиғи өнім екенін айтады. Препарат сатылымға түсетін Benu дәріханалар желісінің баспасөз қызметінің мәліметінше, буаз сиырларға коронавирустың ақуызы енгізіліп, нәтижесінде олардың организмі антидене өндіре бастаған. Дәріханалар желісінің мәліметінше, мұрынға арналған спрей дәрілік зат емес. Сондай-ақ, ол вакцинация мен маска тағудың орнын алмастыра алмайды. Тек коронавирустың таралуының алдын алуға арналған қосымша ретінде ғана қолданылады. Сонымен бірге, сүт ақуызына аллергиясы барларға өнімді пайдалануға болмайды. 
Бұл өнімді Тарту университеті, Эстония жаратылыстану ғылымдар университеті және ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты бірлесіп құрастырған.  

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети