• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1051 Категория: Наука и Техника - Жарияланды 17/01 - 12:56

НҰР-СҰЛТАН, 17 - қаңтар. - Eurasia Today. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары күріш қауызынан биочар, кремний диоксидін алу технологиясын жасағанын ақпарат торабының тілшісі ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі сайтының мәліметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Осы мәліметке сәйкес, бұрын егін жиналып, дәнді өңдегеннен кейін мыңдаған тонна күріш қауызы пайдаланылмай, өртелетін. Ғалымдардың арқасында күріш қауызы мен сабанынан қағаз, белсендірілген көмір және биочар әзірленуде. Биочар әлемде топырақ қасиетін жақсартып, оның тұздылығын айтарлықтай төмендететін биотыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Н.О.Аппазов: «Кремний диоксиді шыны, керамика, абразив, бетонды жабдықтар, тіс пастасы, косметика, оптоталшық және т.б. өндірісінде қолданылады.  Әдетте кремний диоксидін құмнан алады, біз күріш қауызынан, яғни қалдықтан алу технологиясын жасадық. Күріш қауызын майдалап, кептіріп, микротолқындық сәулелендіру жағдайында тұз қышқылымен өңдейміз. Осылайша бейорганикалық қоспаларды бөліп алу үдерісін жылдамдатып, күріш қауызын муфельді пеште сатылап 300 ºС-дан 800 ºС-ға дейін күйдіруді іске асырамыз. Нәтижесінде тазалығы 100 пайыз кремний диоксиді алынады», – деді.
Ғалымдар өңірде жетіп артылатын күріш қауызын қолданудың басқа да рационалды жолдарын іздестіруде.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
446.75
-0.02
EUR
477.74
-0.08
RUB
5.49
-0.32
TJS
41.03
+0.01
TMT
127.94
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+16°C Мәскеу
+18°C Астана
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+32°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+34°C Ташкент

Соцсети