НҰР-СҰЛТАН, 14 - шілде. - Eurasia Todaу. Оңтүстік Кореяның алғашқы коронавирусқа қарсы вакцинасы SKYCovione омикронға қарсы тиімділігін көрсетті. Бұл туралы оны әзірлеген компанияда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Тестілеуге 80 адам қатысты. Вакцинаның екінші дозасынан кейін антиденелер саны 25 есе жоғары болды. Жеті айдан кейін олардың саны үш есеге жуық өсті. SKYCovione маусым айында Кореяның Азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі министрлігінен рұқсат алды. Ол тұмауға, В гепатитіне және адам папилломавирусына қарсы заманауи вакциналарды жасау үшін қолданылған технологияға негізделген. Оны екі және сегіз градус аралығында сақтауға болады, сондықтан ультра суық тізбекті жабдықтың қажеті жоқ.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы корей вакцинасының клиникалық сынақтары жалғасады және ол Кореяда мақұлданған басқа вакциналармен егілгендерге де қолданылады.
Теңге бағамы
Ауа-райы