АСТАНА, 27 - ақпан. - Eurasia Todaу. Иран Қорғаныс министрі Мохаммад Реза Аштиани Ирак Қорғаныс министрлігінің басшысы Сабит Мұхаммед Саид Рада әл-Аббасимен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Иран астанасы Теһранға ресми сапармен келген Ирак Қорғаныс министрі Сабит Мұхаммед Саид Рада әл-Аббаси ирандық әріптесімен кездесті.
Кездесу барысында Мохаммад Реза Аштиани Ирак елімен қорғаныс саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Аштиани екі ел арасындағы тығыз байланыстың дәлелі ретінде жоғары деңгейдегі тұрақты келіссөздер, Бағдадтағы экономикалық байланыстар жөніндегі алдағы келіссөздер және Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдуллахиянның Иракқа сапарын айтуға болатынын атап өтті.
Ирак Қорғаныс министрі өз кезегінде Ирак қарулы күштерінің ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік тобымен күресуді жалғастыруда екендігіне тоқталып, Теһранның бұл мәселеде көрсеткен көмегі үшін жоғары бағаланатынын жеткізді.
Екі ел басшылары келіссөздер барысында шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзара ынтымақтастық қажеттігін атап өтті.
Теңге бағамы
Ауа-райы