АСТАНА, 27 - ақпан. - Eurasia Todaу. 2023 жылдың 11 ақпанында Пәкістаннан аттанған гуманитарлық көмек тиеген көліктер Иран арқылы өтіп, Түркияға жеткізілді.
Сенбі күні Пәкістаннан 275 тонна гуманитарлық көмек тиеген 21 жүк көлігі жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен қалалардың бірі Малатьяға келді.
Қысқы шатырлар, көрпелер және зардап шеккендерге қажетті басқа да заттарды тиеген жүк көлігі Пәкістаннан 11 ақпан күні шыққан және Иран арқылы Түркияға жеткізілді.
Іс-шарада сөйлеген сөзінде Пәкістанның Түркиядағы Елшілігінің хатшы орынбасары Аббас Сарвар Куреши Пәкістан мен Түркияның кез келген жағдайда бір-бірін қолдайтынын және Пәкістанның бауырлас Түркияға көмегі жер сілкінісінің салдары толығымен жойылғанға дейін жалғасатынын айтты.
Теңге бағамы
Ауа-райы