АСТАНА, 04 - сәуір. - Eurasia Todaу. Сәуірдің бірі күні Астрахань облысында "Каспий – достық теңізі" атты алғашқы мотожарыс басталды. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Шараны Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин басқарады.
Мотоцикл жарысының қашықтығы бес мың шақырымнан асады. Оны 10 күнде еңсеру керек. Сәуірдің 1-і мен 11-і аралығында мотоциклшілер колоннасы Қазақстанның Атырау мен Ақтау, Түркіменстанның Ашхабад пен Түркіменбашы, Иранның Баболсер мен Реште, Әзірбайжанның Астар мен Баку, Ресейдің Каспийск қалаларында болады. Атырау мен Ақтау арасындағы ең ұзын өткел 905 шақырым, ең қысқасы - Астрахань мен Атырау арасындағы 360 шақырым болады.
Шараны өткізудегі басты мақсат – Каспий маңы елдерімен тату көршілік қарым-қатынасты нығайту.
Теңге бағамы
Ауа-райы