• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
477 Категория: Общество - Жарияланды 13/04 - 10:35

АСТАНА, - 13- сәуір. - Eurasia Todaу. Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен кездесу өткізді.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша кездесу барысында тараптар құқықтық саладағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тараптардың өзара ықпалдасуын талқылады.
Бұдан бөлек, Ш. Нұрышев ҚР мен ҚХР арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт шеңберінде тараптардың өзара практикалық ықпалдасуын күшейтуді ұсынды. Бұл құжат ҚР және ҚХР пенитенциарлық мекемелерінде жазасын өтеп жатқан екі елдің азаматтарын өзара беруді көздейді.
Өз тарапынан ҚХР Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицян қазақстандық дипломат көтерген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, Министрліктің құзыреті шеңберінде оларды одан әрі пысықтауға дайын екенін білдірді.
2015 жылдан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа сәйкес қытай тарапы Қазақстанға ҚХР аумағында түрлі құқық бұзушылықтар үшін мерзімін өтеген еліміздің 15 азаматын берді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети