• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
397 Категория: Общество - Жарияланды 12/05 - 10:52

АСТАНА, 12 - мамыр. - Eurasia Todaу. Пәкістанда бұрынғы премьер-министр Имран Хан қамауға алынғаннан кейін елде наразылықтар басталды.

Имран Хан қамауға алынғаннан кейін Пәкістанда басталған наразылық акцияларында қаза тапқандар саны 9 адамға жетті, 290-нан астам адам жараланды.

Пәкістандық БАҚ мәліметінше, Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы наразылық акцияларында жеті адам қаза тапса, Белуджистан мен Пенджаб провинцияларында бір адамнан қаза тапқан.

Исламабадтан солтүстік-батысқа қарай орналасқан шағын Тарнол қаласында ереуілшілер теміржол жолына зақым келтірген.

Сондай-ақ Лахордағы Шадман полиция бөлімінде шерушілер мүлік пен полиция көліктеріне де зиян келтірді.
Исламабад пен Пешаварда наразылық білдірушілер көшелерді жауып тастады.

Айта кетсек, Исламабадта Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі және «Әділет қозғалысы» оппозициялық партиясының төрағасы Имран Хан 9 мамыр күні тұтқындалды. Саясаткер «Әл-Қадир траст» қорының қаражатын мақсатсыз ысырап ету ісі аясында қамауға алынды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети