• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
352 Категория: Общество - Жарияланды 16/05 - 21:21

АСТАНА, 16 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қазақстан мен Сингапур ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту шеңберінде екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша жұмыс жүргізуде.

ҚР Азаматтық авиация комитетінің хабарлауы бойынша Қазақстан мен Сингапурдың авиациялық билік органдары бейне-конференц байланыс арқылы келіссөздер жүргізді. Қазақстандық делегацияны ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Ластаев Талғат, Сингапур делегациясын – Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хан Кок Хуан басқарды. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап тікелей рейстерге қызығушылық танытып, сингапурлық әуе компанияларға Қазақстандағы "ашық аспан" режимін, оның ішінде әуе еркіндігінің "бесінші дәрежесі" құқығын пайдалануды ұсынды. Сингапурлық тарап "ашық аспан" режимін құптап, бұл ұсыныс сингапурлық әуе компаниялармен пысықталатынын хабарлады.

Тараптар 2023 жылғы шілдеде сингапурлық әуе компаниялар мен "Сингапур-Чанги әуежайының" қатысуымен өтетін кездесу шеңберінде әуе қатынасын ашу мәселелерін талқылауды жалғастыруға келісті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети