• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
13 Категория: Общество - Жарияланды 21/04 - 16:11

Мемлекеттік техникалық қызмет қазақстандықтарға WhatsApp-тағы Adidas логотипі арқылы жіберілген хабарламаның қазақстандықтарға қауіпті екенін ескертеді. Бұл туралы kz.eurasiatoday.ru ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

  Таратылған хабарламада Adidas-қа 100 жыл толуына орай мерейтойлық сыйлықтар ұсынылатыны туралы айтылады.

Мемлекеттік техникалық қызмет «Хабарлама жіберілгеннен кейін шағын сауалнамаға қатыстырып, пайдаланушыға аяқ киімнің ұтысы туралы хабарлайды және оны алу үшін 5 топқа немесе 20 досына не танысына WhatsApp арқылы хабарламаны  жіберу керектігі айтылады. Осылайша пайдаланушының жеке деректері (телефон нөмірі, электрондық мекен-жайы, поштасы  мен құпиясөзі) және банк деректері (карточка нөмірі, иесі, жарамдылық мерзімі және CVC/CVV коды) туралы ақпаратты жинайды»,- деп ескертеді.   

Естеріңізге сала кетейік, мұндай хабарламалар қазақстандықтар арасында бірнеше жылдан бері таратылып келеді. 2019-2020 жылдары алаяқтар қазақстандықтардың WhatsApp мессенджерінде Adidas-тың туған күнін мерекелеу құрметіне 3000 жұп аяқ киім мен футболкаларды сыйға тартылатыны туралы хабарламалар таратқан болатын.

  Сарапшылар сөзінше, хабарлама келген жағдайда сіз алаяқтарға телефон кітабыңызға кіруге мүмкіндік бересіз. Сондықтан, құрметті қазақстандықтар, осындай акцияның қатысушысы болар алдында, ұйымдастырушының ресми сайтына кіріп, ақпаратты салыстырып тексеріңіздер. 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети