• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
12 Категория: Общество - Жарияланды 22/04 - 11:14

26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстер қысқарады. Бұл туралы kz.eurasiatoday.ru ақпарат Sputnik.kz торабына сілтеме жасап, хабарлайды.

Қазіргі таңда екі ел арасында аптасына 20 рейс орындалып отыр, енді рейс саны екі есе қысқарады.

Ведомствоаралық комиссияның 14 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды.

«Түркиядағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Күн сайын 50 мыңнан аса науқас тіркеліп жатыр. Күнделікті көрсеткіштерді алатын болсақ, бұл біздегіден 5,5 есе артық. Сол үшін бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысында Түркиямен рейстер санын қысқарту бойынша ұсыныс жасалды. Қазір ұсыныс қарастырылып жатыр», – дейді Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің хабарлауынша, рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай алып тасталуы да мүмкін.

 

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+23°C Душанбе
+30°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети