• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
9 Категория: Общество - Жарияланды 28/04 - 15:37

НҰРСҰЛТАН, 28-сәуір. - Eurasia Today. Қазақстанның Түркиядағы Невшехир провинциясындағы құрметтi консулы Халил Улуердің және жұбайының жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы мәлімдеді.

"Құрметтi консулымыз Халил Улуер - көптеген жылдар бойы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығаюына, екі бауырлас ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардың қарқынды дамуына елеулі қызмет көрсетіп келген қазақ халқының нағыз жанашыры. Анадолы жұртына еліміздің болмысы мен мәдениетін танытуда бірегей қызмет еткен қадірлі бауырымыздың және жұбайының жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын деп дұға етеміз", - деп жазды Абзал Сапарбекұлы.  

Халил Улуер - құрметті консул ретінде қызметін бастағалы бері еліміздің көптеген іс-шараларына атсалысып, өзінің консулдық аймағында Қазақстанды, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін насихаттау бойынша көптеген қызмет көрсеткен. Сондай-ақ қиын жағдайға түскен азаматтарымызға әрдайым қол ұшын берген. 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети