• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
8 Категория: Общество - Жарияланды 30/04 - 10:57

НҰРСҰЛТАН, 30-сәуір. - Eurasia Today. Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиға салдарынан 13 адам мерт болып, 134 адам жарақат алған. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, 13 адам қайтыс болған.

Сонымен қатар 25 зардап шеккен адам арнайы бортпен Баткеннен Бішкекке жеткізіліп, Бішкек травмотолгия және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлттық госпиталь және Ұлттық хирургия орталығына жатқызылған. Екі адамның жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деңгейде және қанағаттанарлық.

Еске сала кетсек, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды. Қырғызстанның Баткен облысының Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісіп кетті. Қырғыз тарапы қақтығыс аймағынан 848 адам көшірілгенін мәлім етті.

Қырғызстан мен Тәжікстан 29 сәуірде сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдемеме жасады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети