• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1615 Категория: Общество - Жарияланды 07/06 - 10:34

НҰРСҰЛТАН, 7-маусым. - Eurasia Today. Қытай мен АҚШ дәрігерлері ластанған ауа қариялардың ақыл-ой өрісін нашарлататынын анықтаған. Олардың  айтуынша, бұл кері әсерді қабынуға қарсы препараттармен басуға болады. Бұл туралы ақпарат тілшісі зерттеушілердің  Nature Aging журналына жариялаған  мақаласына сілтеме жасап хабарлайды.

 «Күл бөлшектері мен улы заттардың ауада болуы егде жастағы адамдардың ақыл-ой қабілетін едәуір нашарлататынын анықтадық. Бір қызығы, бұл әсерлер стероид емес ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдаған бақылаушылар арасында аз байқалды. Біз олардың миға әсер ету сипатын әлі зерттеуіміз керек», — деп жазады зерттеушілер.

Нью-Йорктегі Колумбия университетінің профессоры Андреа Бакарелли бастаған қытайлық және америкалық дәрігерлер тобы 70 жастан асқан Бостонның мыңға жуық тұрғынының ақыл-ойы мен есте сақтау қабілетінің өзгеруін бақылап, зерттеу жүргізген. Ғалымдар осы тұрғындар тұратын қала бөліктерінде ауаның қалай ластанатынын қадағалап, уақыт өте тұрғындардың ақыл-ой қабілеті өзгергенін байқаған. Зерттеу кезінде олардың ақыл-ой қабілеті нашарлағаны анықталған.  

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети