• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
525 Категория: Общество - Жарияланды 06/09 - 17:31

НҰРСҰЛТАН, 6 - қыркүйек. - Eurasia Today. Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстерді ұлғайту мәселесі шығарылды, деп хабарлады BAQ.KZ ақпарат агенттігі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары (Air Astana - 17 қыркүйектен, Turkish Airlines - 25 қыркүйектен) Алматы – Ыстамбұл бағытындағы рейстер санын 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы Ақтөбе - Ыстамбұл бағытында аптасына 2 рейспен ұша бастайды.

Түркиямен арадағы рейстер санын әрі қарай арттыру эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети