• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
3324 Категория: Общество - Жарияланды 13/09 - 15:52

НҰРСҰЛТАН, 13 - қыркүйек. - Eurasia Today. Диетолог Михаил Гинзбург 60 жастан асқан адамдарға қанттан бас тартуға кеңес беріп, бұл өнімнің қарттар үшін қауіпті болуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлады ақпарат тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, сондай-ақ тосап пен балдан бас тарту керек. Шайға қант салуды, кәмпит пен басқа да тәттілерді жеуді әдетке айналдырмаған жөн. Дәрігер қанттың тәуліктік максималды мөлшері 20 грамм екенін ескертті.

Диетолог сонымен қатар күнбағыс майын пайдаланбауға кеңес берді, өйткені артық май қышқылдары егде жаста қабынуды тудырады, көңіл-күй мен мінез-құлыққа әсер етеді. Оны зәйтүн майымен алмастыруға болады.

Қызыл ет, атап айтқанда, шошқа, сиыр және қой еті де зиянды. Оның орнына құс пен балықты көбірек жеу керек. Еленген ұннан жасалған өнімдер, ақ нан, туралған батон, картоп, күріш те ағзаға зиянын тигізуі мүмкін.

Сарапшының айтуынша, қартайған кезде көкөністерді, сарымсақ пен пиязды көбірек жеу керек. Ашытқан сүт сусындарын, ірі дәнді дақылдарды тұтыну пайдалы.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети