• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
216 Категория: Общество - Жарияланды 07/10 - 11:21

НҰРСҰЛТАН, 7 - қазан. - Eurasia Today. Қазақстан кеше, 6 қазаннан  бастап тағы бірнеше ел  азаматтарының вакцинация паспорттарын, сертификаттары мен анықтамаларын өз аумағында жарамды деп таныды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатындағы қаулысында мәлімдеді. 

Осы қаулыға сәйкес, Аргентина, Армения, Иран, Сан-Марино, Беларусь пен Эстония азаматтарының вакцинация паспорттары, сертификаттары, анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылатын болды.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Мұның алдында, 3 қыркүйектегі қаулыға сәйкес, Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан, Молдова мен Түркия азаматтарының вакцинация паспорттары мен сертификаттары Қазақстан аумағында жарамды деп танылған болатын.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети