• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
33 Категория: Общество - Жарияланды 12/10 - 12:55

НҰРСҰЛТАН, 12 - қазан. - Eurasia Today. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеше, қазанның 11 дүйсенбі күнгі брифингте иммунитеті төмен адамдарға стандартты вакцинациялаудан кейін инфекция қаупі жоғары болғандықтан, COVID-19 вакцинасының қосымша дозасын салуды ұсынды.

Reuters агенттігінің хабарлауына сәйкес, иммунизациялау бойынша сарапшылардың стратегиялық консультативтік тобы қосымша дозаны бастапқы серияның кеңейтілген бөлігі ретінде ұсынуға кеңес береді. Өйткені бұл адамдардың иммунитеті стандартты бастапқы вакциналар сериясынан кейін вакцинацияға жеткілікті түрде жауап бермеуі мүмкін болғандықтан олардың COVID-19 ауруының ауыр формасына шалдығу қаупі жоғары.

ДДСҰ вакцинациялау бойынша директоры Кейт О'Брайен иммунитеті төмен адамдарға сілтеме жасай отырып, ұсыныстың вакцинаның екі дозасынан кейін үшінші вакцинацияға арналғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, сарапшылар 60 жастан асқан адамдарға қытайлық Sinopharm мен Sinovac вакцинациясының кестесін аяқтағаннан кейін бір-үш айдан кейін оның қосымша дозасын алуды ұсынады. Олар Латын Америкасындағы мамандардың аталмыш вакциналардың уақыт өте келе әсері әлсірейтінін дәлелдейтін зерттеулеріне сілтеме жасады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети