• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
295 Категория: Общество - Жарияланды 13/10 - 14:38

НҰРСҰЛТАН, 13 - қазан. - Eurasia Today. Қазіргі уақытта 20 миллион ауғандық көмекке мұқтаж. Себебі Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс күшеюде. Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссарының басқармасы (БЖКБ) мәлім етті.

Ақпарат торабы тілшісінің БҰҰ-ның жаңалықтар сайтына сілтеме жасап жазуынша, осыдан бір ай бұрын Ауғанстандағы гуманитралық операцияларды жүргізуге 606 миллион доллар қажет екендігі айтылған. БҰҰ бұл соманың тек 35 пайызын көмек ретінде жинаған. Бұл қаражат ауған экономикасының толықтай күйреуін болдырмау үшін қажет.

БЖКБ өкілі Бабар Балох Кабулда ел ішінде қоныс аударған жүздеген ауғандыққа төтенше қолдау көрсету мақсатында Басқарманың Ауғанстанмен шекаралас елдерінде логистикалық орталықтар құрумен айналысып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, көмек қажет ететін ауғандықтардың саны 20 миллионға жетті және күн сайын көбейіп жатыр.

БҰҰ-ның хабарлауынша, бүгінгі күні ауған отбасыларының тек бес пайызы дұрыс тамақтануда. Бес жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы жартылай аштықтың зардабын шегуде.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш те бұл елдегі ахуал туралы Ауғанстан бойынша төтенше кездесуге жиналған «Үлкен жиырмалық» көшбасшыларына ескертті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети