• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1449 Категория: Общество - Жарияланды 16/11 - 09:52

НҰРСҰЛТАН, 16 - қараша. - Eurasia Today. Өзбекстанның оңтүстігінде орналасқан «Термез» өңірлік полигонында 17-24 қараша аралығында Қазақстан мен Өзбекстан әскерлері бірлескен оқу-жаттығуын өткізеді. Бұл туралы ақпарат тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш шараның мақсаты- бірлескен тапсырмаларды шешуге бауырлас екі елдің өзара іс-қимылы мен үйлесімділік деңгейін арттыру болып табылады. 

Қазақстаннан шараға 100-ден аса әскери қызметші қатысып, Су-30СМ көпфункционалды жойғыштар буыны, С-295 әскери-көліктік ұшақтар, тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылады.

Қазақстан бөлімшелері бірлескен оқу-жаттығу кезінде іздеу-барлау операцияларын жүргізу, қарсыластың жасақтарын жою кезінде жауынгерлік қорғау бөлімшелерінің іс-қимылдарын пысықтау, шабуыл жасап заңсыз қаруланған құралымдарды жою, ұрыс алаңынан жаралылар мен істен шыққан техниканы көшіру сынды тапсырмаларды орындайды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети