• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1760 Категория: Общество - Жарияланды 18/11 - 12:01

НҰРСҰЛТАН, 18 - қараша. - Eurasia Today. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ауғанстандағы күрделі ахуалды тұрақтандыру және ядролық қаруды таратпаудың нақты жұмыс тетігін әзірлеу үшін халықаралық деңгейде күш-жігер жұмылдыруға шақырды.

Elbasy.kz сайтының мәліметіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев 15-17 қараша аралығында елордада өткен «Астана клубының» алтыншы отырысына қатысты. Елбасы жиында сөйлеген сөзінің бір бөлігінде:

– Мен бірнеше жыл бұрын барлық ядролық мемлекеттердің қатысуымен стратегиялық шабуылдау қаруларын жаппай қысқартудың қадамдық жоспарын әзірлеуді ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында қабылдауға болатынын айтқан едім. Бұл жоспарда жаппай қырып-жою қаруын сатып алуға және таратуға қарсы қатаң санкциялар қамтылуға тиіс. Осы орайда Ядролық қауіпсіздікті және ядролық қару-дан азат әлемді жақтайтын Жаһандық көш¬бас-шылар альянсының қызметі ерекше мәнге ие болады. Оған әлемнің белгілі 70 саясаткері  қолдау білдірді, – деді.

Нұрсұлтан Назарбаев Жаһандық көшбасшылар альянсы Стратегиялық шабуыл қаруларын жаппай қысқарту жоспарын талқылау және құру жолындағы негізгі алаңға әрі қозғаушы күшке айнала алатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Елбасы Қазақстан астанасында Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі жаһандық форум өткізуді ұсынды.

– Күш жұмылдырсақ қана мен айтқан сын-қатерлерге қарсы тұра аламыз. Сондықтан ашық әрі шынайы диалогтың маңызы зор.  «Астана клубы» күллі Еуразия үшін жаңа идеялар мен шешімдердің бастамашысы болады деп сенемін, – деді Елбасы.

Астана клубы – «Үлкен Еуразия» деп аталатын жаңа геосаяси құрылымның идеологиялық алаңы ретінде әрекет етіп жатқан беделді саясаткерлер, дипломаттар және дүниежүзілік деңгейдегі сарапшыларды біріктіретін пікірталас алаңы. 
15-17 қараша аралығында елордада Астана клубтың алтыншы отырысы өтті.
Клубтың ұйымдастырушылары – Елбасы Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети