• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
625 Категория: Общество - Жарияланды 22/11 - 11:05

НҰРСҰЛТАН, 22 - қараша. - Eurasia Today. Әлем бойынша шай тұтынудан Қазақстан алдыңғы қатарлар арасында. Шайдың пайдасы көп: шөл қандырады, күш береді, холестерин деңгейін төмендетеді және жүрек-қан тамыр жүйесін қалыпқа келтіреді, қартаюды баяулатады. Алайда ғалымдар шайдың зиянын да жоққа шығармайды.

Ғалымдар шайдың зияны туралы 6 тұжырым ұсынады. Олар:

Тым ыстық шай ішу тыныс алу жолдарына зиян болуы мүмкін. Британдық отоларинголог және пластикалық хирург Генри Шарп тым ыстық шай ішуге әдеттенудің тыныс алу жолдарына зияны тиюі мүмкін деп есептейді. Сонымен қатар, тым ыстық шай өңештің қатерлі ісігінің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін  деген де нұсқа бар. Алайда ғалымдардың бәрі бұл тұжырыммен келісе бермейді.

Тым қою шай тіс пен сүйекке кері әсер етеді. New England Medicine журналы тым қою шай ішуден зардап шеккен бірнеше науқастың оқиғасын жариялады. Науқастардың көбінде сүйек пен тістерінде проблемалар байқалған. Сонымен қатар диетологтар күніне 4-5 кеседен артық шай тұтынбауға кеңес береді.

Шай құрамында ауыр металдар болуы мүмкін. 2013 жылы Канадалық токсикология журналы әлемнің әртүрлі аймағынан әкелінген шайдың көптеген түрін зерттеу нәтижесін жариялады. Токсикологтар шай түрлерінен ауыр металдарды, атап айтқанда қорғасын, алюминий, мышьяк және кадмийді анықтаған. Мұның себебін мамандар топырақтың ластануына байланысты деп түсіндіреді. Шайдағы металдардың концентрациясы қайнату уақытына байланысты болады. Егер шай қалташалары суда 15-17 минут тұрса, улы заттар қауіпті деңгейге дейін көтеріледі. Яғни шай қаншалықты ұзақ қайнатылса, соғұрлым зиян.

Шай кейде бауырға зиян. Шөп шайлар көбінесе пирролизидинді алкалоидтарды-гүлді өсімдіктердің кейбір түрлері шығаратын токсиндерді жинайды. Бұл токсиндер денеге тұтастай теріс әсер етеді, бірақ ең қатты зардап шегетін-бауыр. 2015 жылы америкалық Азық-түлік химиясы журналы нәрестелер мен жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған шөп шайлардың 44 түрін зерттеген. Ғалымдар олардың 86 пайызынан пиролизидин алкалоидтарын анықтады.

Тамақтанғаннан кейін бірден шай ішу темір жетіспеуіне әкеп соғуы ықтимал. Шай тамақтан ағзаға түсетін темірді жояды. 2011 жылы Калифорния университетінде жүргізілген зерттеулерден осындай тұжырым шығарылды. Егер адам тамақтанғаннан кейін бірден шай ішсе, бұл әдет жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер тамақтан кейін ең болмағанда 20 минут шай ішпеген жөн екенін айтады.

Ұйқысыздық. Шайдың қуаттандыратын әсері физиологиялық негізге ие: импульс, қан айналымы жеделдейді, бүйрек үсті бездері адреналинді көбірек бөледі. Яғни ұйқысыздықтың бірден-бір себебі бұл ұйықтар алдында шай ішу болуы әбден мүмкін.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети