• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
15 Категория: Общество - Жарияланды 23/11 - 15:13

НҰРСҰЛТАН, 23 - қараша. - Eurasia Today. Лимон жемісінің шырынымен қатар қабығының да пайдасы өте көп. Себебі лимонның қабығы да, шырыны да биологиялық белсенді заттарға бай.

Әсіресе күз бен көктемде ағзаға өте пайдалы.

С дәрумені дененің қорғаныс функциясын сақтау үшін қажет екені баршаға мәлім. Алайда медицинадан хабары жоқ адамдар лимонның басқа да пайдасы барын біле бермеуі мүмкін. Бүгін біз сіздерге осы бір кішкене жемістің қандай керемет пайдасы бар екендігін  тілге тиек етпекпіз. Сонымен:

Басқа жаққа көшіп барған адамдар акклиматизацияны жеңілдету үшін лимонды тұтынуы керек;

Лимон мен бал қосылған шай көктем мен күзде иммунитетті көтеруге мүмкіндік береді. Цитрус патогендік микрофлораны көбею сатысында тоқтатады, тұмау мен ЖРВИ-дің алғашқы симптомдарын басуға, дене температурасын төмендетуге, терлеуге көмектеседі;

Лимон науқастанған адамның немесе отадан шыққан адамның тәбетін арттырады;

Лимон темір мен калийге бай. Қан құрамы мен қан айналымын жақсартады;

Ішек микрофлорасын жақсартады;

Ағзаны токсиндерден тазартады;

Тағамдағы қоректік заттардың жақсы сіңуіне ықпал етеді;

Ұйқышылдық пен шаршауды басады;

Тырнақ пен шашты қатайтады;

Қант диабетін жеңілдетуге көмектеседі;

Жүкті әйелдерге токсикоз кезінде көмектеседі;

Ағзаға жеткіліксіз витаминдердің орнын басады;

Лимон шырынын жылы сумен ішу артрит, ревматизм сынды аурулардың алдын алады;

Лимон депресиядан шығуға көмектеседі;

Сонымен қатар мамандардың айтуынша, лимон адамның терісін тазалайды. Теріге шыққан безеу не өзге де ауруларды жоюға көмектеседі;

Лимонды күнделікті пайдалану әжімнің түсуінен сақтайды;

Лимонды төртке бөліп бөлмеге қойса ауаны тазалайды.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+10°C Душанбе
+18°C Ашхабад
+9°C Ташкент

Соцсети