• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
195 Категория: Общество - Жарияланды 25/11 - 10:38

НҰРСҰЛТАН, 25 - қараша. - Eurasia Today. Қазақстанда жалпы саны Қазақстан есімді 24 адам өмір сүреді. Бұл туралы ақпарат тілшісі  Ranking.kz. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде Қазақстан есімді адам Ақмола облысында алты және Нұр-Сұлтан қаласында алты адам бар. Қарағанды облысында төрт адам, Қостанай облысында үш адам, Шымкентте екі адам, Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бір-бір Қазақстан есімді адам бар.

Сондай-ақ баласының атын елдің ірі қалаларының құрметіне қойғандар да жиі кездеседі. Мысалы, Қазақстанда 28 адамға Семей деп ат қойылса, Алматы есімі 21 адамға, Түркістан есімі 18 адамға қойылған екен. Ал, 15 адамға Атырау, 14 адамға Тараз, 12 адамға Қостанай, 11 адамға Ақтау деп ат қойылған. Сонымен қатар елде 10 Нұр-Сұлтан  есімді адам мен 3 Шымкент есімді, 1 Талдықорған мен 1 Ақтөбе есімді азамат бар.

        

        

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети