НҰР-СҰЛТАН, 11 - мамыр. - Eurasia Todaу. Украина журналистері 2022 жылғы Пулитцер сыйлығының «Айрықша атау» номинациясында арнайы жүлдемен марапатталды.
Американың журналистика саласындағы ең беделді жүлдесі - Пулитцер сыйлығының биылғы лауреаттарының аты-жөні 9 мамыр күні АҚШ-та жарияланды.
Пулитцер сыйлығының «Қоғамға қызмет еткені үшін» деп аталатын бас номинациясын америкалық The Washington Post газетіне табыс етті. New York Times газетінің редакциясына халықаралық және ұлттық деңгейдегі репортаждары үшін сыйлық берілді.
Ұйымдастыру комитеті Украина журналистеріне кәсібіне адалдығы үшін алғыс білдіріп, Украина журналистерін ержүректілігі, табандылығы мен шынайы хабар таратқаны үшін «Айрықша атау» жүлдесімен марапаттады.
Теңге бағамы
Ауа-райы