• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
710 Категория: Общество - Жарияланды 13/05 - 12:54

НҰР-СҰЛТАН, 13 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қазақстан мен Өзбекстан әуе қатынасын ұлғайту және өзара экономикалық, мәдени және туристік байланыстарды дамыту үшін екі ел арасында жаңа бағыттар ашу жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

ҚР Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша бүгінгі таңда Өзбекстанмен әуе қатынасы рейстер саны бойынша да, шет мемлекеттер арасындағы бағыттар саны бойынша да ең қарқынды болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында екі елдің әуекомпаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Түркістан, Ақтөбе және Ташкент, Самарқанд, Наманган, Үргенч, Нүкіс қалалары арасында аптасына 40 рейс орындайды.
Айта кетейік, тараптар уағдаластыққа Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 9-шы кеңесі шеңберінде қол жеткізді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
431.03
0.00
EUR
455.90
0.00
RUB
7.01
0.00
TJS
35.86
+1.14
TMT
128.03
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети