• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1387 Категория: Общество - Жарияланды 13/05 - 16:42

НҰР-СҰЛТАН, 13 - мамыр. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, Төтенше жағдайлар министрі орынбасарының басшылығымен, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жауапты қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылып, Қазақстан Республикасына жіберілді.

Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстанның Жамбыл облысының Жуалы ауданында Нүкіс-Алматы бағытында бет алып келе жатқан жолаушылар автобусы трактор тіркемесімен соқтығысып, апатқа ұшырады.
Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша автобуста 53 адам (2 жүргізуші), оның ішінде Өзбекстан Республикасының 47 азаматы, Қазақстан Республикасының 5 азаматы болған.
Апат салдарынан 2 адам оқиға орнында көз жұмды, 16 адам Жуалы аудандық ауруханасына жатқызылды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.Қаза болғандар мен жараланғандардың аты-жөні анықталуда.
Қаза болғандар мен зардап шеккендерді Өзбекстанға қайтару шаралары жүргізілуде.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+18°C Душанбе
+32°C Ашхабад
+25°C Ташкент

Соцсети