НҰР-СҰЛТАН, 13 - мамыр. - Eurasia Todaу. «Узбекистан темир йуллари» АҚ-ның мәліметі бойынша, «ҰК» «Қазақстан темір жолы» Акционерлік Қоғамымен жасаған келісім бойынша екі ел арасындағы темір жол арқылы жолаушылар тасымалы қалпына келтіріледі.
Осы мәліметке сәйкес, 15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс-Бейнеу-Нүкіс бағыты бойынша жүре бастайды. Ал ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап №1/2 пойызы Алматы-Ташкент-Алматы бағытында қатынай бастайды. «Ташкент-Орталық» теміржол вокзалынан Қазақстанға жоғарыда аталған рейстердің жиілігі аптасына 3 ретті құрайды.
«Узбекистан темир йуллари» АҚ жақын шетелдердің басқа елдерімен теміржол қатынасын қалпына келтіру де тараптардың келісімімен ашылатынын хабарлады.
Еске салайық, 2020 жылдың наурыз айында COVID-19 коронавирустық пандемияға байланысты бүкіл әлемде дерлік халықаралық жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Екі жылдан кейін бірқатар елдер шекараларын біртіндеп жолаушылар пойыздарына аша бастады.
Теңге бағамы
Ауа-райы