НҰР-СҰЛТАН, 29 - маусым. - Eurasia Todaу. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Аргентина мен Иранды БРИКС құрамына кіруге лайықты кандидаттар деп атады.
Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінде мәлімдеді, деп жазады ақпарат тілшісі.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров VI Каспий саммиті қарсаңында өткен Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінде сөйлеген сөзінде «Аргентина да, Иран да БРИКС құрамына кіруге лайықты кандидаттар»- деді.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та Ресей тарапының БРИКС құрамының кеңеюіне қарсы емес екенін мәлімдеген болатын.
Айта кетсек, Иран мен Аргентина БРИКС-ке кіруге өтініш берген болатын.
2006 жылы құрылған БРИКС ұйымына Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдері мүше. Ұйымның жыл сайынғы саммитінде қаржы, ғылыми-техникалық, мәдени және саяси мәселелер жан-жақты талқыланады.
Теңге бағамы
Ауа-райы