АСТАНА, 10 - қазан. - Eurasia Todaу. Украинаның ірі қалалары, соның ішінде Киев 10 қазан күні таңертең жаппай зымырандық шабуылдарға ұшырады. Билік зардап шеккендер туралы хабарлады - елордада 8 адам қаза тапты, басқа қалаларда деректер нақтылануда. Сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылым нысандарында да соққылар бар.
Президент Владимир Зеленский Telegram-да: «Украинаның барлық аумағында әуе шабуылы азаймай отыр. — Зымырандардың соққысы бар. Өкінішке қарай, қаза тапқандар мен жараланғандар бар».
Киевте бірнеше жарылыс жайлы әртүрлі БАҚ екіден төртке дейінгі сандарды айтады, ресми ақпарат көздері олардың санын әлі нақтылаған жоқ. Елорда мэрі Виталий Кличконың айтуынша, жарылыстар орталық Шевченко ауданында болған, кейін ол сондай-ақ маңызды инфрақұрылымға да соққы болғанын айтты.
10 қазан күні таңертең Днепропетровск облысына жаппай зымырандық шабуыл жасалды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің басшысы Валентин Резниченко. Оның айтуынша, қаза тапқандар мен жараланғандар бар, олардың саны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Жергілікті БАҚ Днепр қаласында таңертең кемінде 10 жарылыс болғанын жазуда.
Теңге бағамы
Ауа-райы