АСТАНА, 23 - қараша. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Юэ Сяоюнмен келіссөздер жүргізді.
ӨР СІМ хабарлауы бойынша сұхбат барысында Өзбекстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Ауғанстан дағдарысын бейбіт жолмен реттеуге, осы елге гуманитарлық және басқа да көмектерді жедел көрсетуге бағытталған күш-жігері талқыланды.
Тараптар Ауғанстанның жаңа билік органдарына қатысты әлемдік қауымдастықтың біртұтас ұстанымын дамытпай, өткір әлеуметтік-гуманитарлық дағдарысты шешу, сондай-ақ елде тұрақты бейбітшілік орнатуға жәрдемдесу мүмкін болмайтынын атап айтты.
Тараптар Ауғанстан мәселесі бойынша Өзбекстан мен Қытайдың арнайы өкілдері деңгейінде консультацияларды жалғастыруға өзара мүдделік танытты.
Теңге бағамы
Ауа-райы