• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
419 Категория: Общество - Жарияланды 15/12 - 15:49

АСТАНА, 15 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу шарасы «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» тасжолындағы учаскелердің бірінде жүргізілді.

Тасжолдың бойында қар 48-ден 60 см-ге дейін жиналған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары тарапынан жарылыс жасалып, қар түсірілді.

«Алдағы мерекелерде адамдар елді мекендерінің аумағынан тыс жерлерге, әсіресе демалыс базаларына барады. Сондықтан қар көшкіні қаупі бар учаскелерде профилактикалық шараларды жүргізудің маңыздылығы зор», - дейді филиал директоры Омар Дүзгімбаев.

2 жарылыс нәтижесінде барлығы 13400 текше метр қар массасы түсірілген. Өңірдегі таулы жерлерде апта соңына дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети