АСТАНА, 22 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. 2023 жылы Минск қаласында Беларусь пен Өзбекстан әйелдерінің бизнес-форумы өтеді. Бұл туралы Беларусь ұлттық жиын кеңесінің төрайымы Наталья Кочанова мәлім етті.
«Беларусь - Өзбекстан әйелдер бизнес-форумы екі мемлекет пен қоғамдық ұйымдар, ең алдымен әйелдер арасындағы ынтымақтастық бағытындағы маңызды қадам болмақ», - деп есептейді Наталья Кочанова.
Іс-шараны өткізу бастамасы қазан айының соңында Беларусь парламентшілерінің Самарқандтағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына қатысқан кезінде көтерілген болатын.
Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева да Беларусь тарапымен бірқатар бағыттар бойынша, соның ішінде жастар мен әйелдер қозғалысы бойынша ынтымақтастықты жандандыруды ұсынған еді.
Теңге бағамы
Ауа-райы