• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
346 Категория: Общество - Жарияланды 12/01 - 10:51

АСТАНА, 12 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Қазақстандықтар бір-ақ сәтте компанияларда қаржы пирамидасының белгілерінің бар-жоғын тексере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторинг агенттігі әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі.

«Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті. Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес», - деп жазды агенттіктен.

2022 жылы ҚМА қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды.

ҚМА қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтармен белсенді күресті жалғастыруда. Осыған орай азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети