• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
34 Категория: Культура - Жарияланды 26/04 - 14:48

НҰРСҰЛТАН, 26-сәуір. - Eurasia Today. Қазақстандық Самал Еслямова «Ника» кинофестивалінде үздік әйел ролі үшін марапатқа ие болды. Бұл туралы «Тengrinews.kz» хабарлайды. 

Самал Еслямова ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміндегі басты ролі үшін жүлде иеленді.
«Айка» әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттелген.
Биыл марапаттар 2019 және 2020 жылдардағы фильмдер үшін берілді. Себебі былтыр коронавирус пандемиясына байланысты сыйлықты табыстау кейінге шегерілген болатын.
Айта кетсек, қазақстандық актриса Самал Еслямова 2018 жылы осы   «Айка»  фильміндегі рөлі үшін Канн кинофестивалінде лауреат атанған еді.
«Ника» Ұлттық кинематография сыйлығы 1988 жылдан бері беріледі. Оған режиссер Юлий Гусман бастамашы болған. 


 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+23°C Душанбе
+30°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети