• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2597 Категория: Культура - Жарияланды 13/09 - 12:51

НҰРСҰЛТАН, 13 - қыркүйек. - Eurasia Today. Қырғызстанның «Арман» атты фильмі Қазақстанда өткен VI «Байқоңыр» халықаралық кинофестивалінде «Үздік сценарий» сыйлығын алды.

Кинематография департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, фильм кинофестивальдің халықаралық байқауының жеті лауреатының бірі болды.

Фильмнің сценарийі мен режиссері – Шыңғыс Самудин ұлы, операторлары – Анвар Бакыт уулу мен Мелис Абдибаитов, дыбыс режиссері – Калыбек Шерниязов, көркемдік жетекшісі – Артыкпай Суюндуков.

«Арман» фильмі мүгедектерге арналған арбада отырған жігіттің өз арманын жүзеге асыруға талпыныс жасағаны туралы баяндайды. Бұған дейін бұл фильм Бішкекте өткен ТМД елдері жас кинематографтарының VIII «Үміт» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған болатын.

«Байқоңыр» Халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалі – қысқа метражды фильмдердің Қазақстан және ТМД елдеріндегі дамуы мен танымал болуына бағытталған жыл сайын өтетін шара.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети