• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
17 Категория: Культура - Жарияланды 24/11 - 12:00

НҰРСҰЛТАН, 24 - қараша. - Eurasia Today.  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның халықаралық мерейтойлар тізіміне енді.

Ақпарат торабы тілшісінің ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен тілтанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы енді. Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Бас конференцияға ұсыныстарымызды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мүше мемлекеттерді және Ұйым хатшылығын аталған мерейтойлар аясында елімізде және шетелде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды. Жалпы, 2022-2023 жылдарға арналған тізімге Ұйымға мүше мемлекеттер ұсынған 67 мерейтой кірді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети