• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
364 Категория: Культура - Жарияланды 25/11 - 09:24

НҰРСҰЛТАН, 25 - қараша. - Eurasia Today. Қазақстанда Түркіменстанның Мәдени күндері өтеді. Бұл туралы Қазақстандағы Түркіменстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов мәлімдеді, деп хабарлайды ақпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркіменстанға мемлекеттік сапары барысында Мемлекеттер басшылары Қазақстанда Түркіменстанның Мәдени күндерін атап өту туралы келісті. Екі ел арасында ауқымды мәдени шараның өткізілмегеніне 3 жылдан асып барады. Ел Президенттерінің ресми кездесуінен кейін өзара байланыс қайта серпін алды. Бүгінде біз Түркіменстанның Мәдени күндерін атап өту мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлескен жұмыс істеп жатырмыз»,- деді Батыр Реджепов.

Елшінің айтуынша, аталған мәдени шараны өткізу келесі жылға жоспарланып отыр.

Айта кетсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы достық қарым-қатынас тақырыбында БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихаты өтті.

 

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+9°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети