30 Категория: Культура - Жарияланды 15/07 - 11:23

НҰР-СҰЛТАН, 15 - шілде. - Eurasia Todaу. Ресей нарығында ирандық «Дельфин бала» анимациясы бір миллион 730 мың доллардан астам табыс тапты. 

Ресей кинотеатрларында көрсетілген ирандық «Дельфин бала» анимациясы екі апта ішінде бір миллион 730 мың доллардан астам табыс тапты.  
 «Дельфин бала» анимациясы 2020 жылы шыққан комедиялық және шытырман оқиғаға толы ирандық анимация. Анимация профюсері Мохаммад Амин Хамедани, ал сценарийін жазған Мохаммад Хайрендиш.  
Ирандық анимация алғаш рет Ресейде көрсетілді. Енді бұл анимация Түркияда, Испания, Оңтүстік Корея, Тайвань және Моңғолияда да көрсетілетін болады.  
 «Дельфин бала» анимациясының продюсері Мохаммад Амин Хамеданидің сөзінше, туынды орыс тіліне аударылып, жоғары деңгейде дубляж жасалған.

Теги: