• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2095 Категория: Образование - Жарияланды 06/09 - 10:21

НҰРСҰЛТАН, 6 - қыркүйек. - Eurasia Today. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Ұлттық тіл саясаты кеңесінің төрағасы және кеңестің бірқатар мүшелерін қабылдау кезінде моңғол-қазақ тілінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын факультет ашу туралы айтты. 

Кездесуде  Ұлттық тіл саясаты кеңесінің төрағасы С.Дулам бастаған кеңес мүшелері моңғол тілінің емле сөздігі, терминология, тасқа жазбаша жазылған мәдени мұраны қорғау және моңғол жазуының халықаралық стандарттық код жүйесін қалыптастыру жөнінде жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Кездесу барысында Моңғолия Президенті  алдағы уақыттарда Моңғолияның ұмытылған және өзгертілген географиялық атауларын қалпына келтіру мен қорғау туралы жарлық шығарып, ұлттық деректер қорын құру тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар қос тілде білім алуды заңдастыру, Моңғолияның Мемлекеттік ұстаздар университетінде моңғол-қазақ және моңғол-тыва тілінде бастауыш сынып ұстаздарын даярлайтын факултет ашуға, шетелдегі моңғол балаларының моңғол тіл үйренуіне назар аудару, Моңғол тілінің үлкен сөздігін құрастыруға байланысты қаражаттарды шешу керектігіне тоқталды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+22°C Душанбе
+21°C Ашхабад
+20°C Ташкент

Соцсети