• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2344 Категория: Образование - Жарияланды 13/09 - 13:03

НҰРСҰЛТАН, 13 - қыркүйек. - Eurasia Today.  Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаңа ректоры болып 34 жастағы Лаура Қарабасова тағайындалды, деп хабарлайды ақпарат тілшісі.  

Бұған дейін ректордың міндетін университет проректоры Рахым Бекназаров атқарған.

Салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Министр өз сөзінде «Осы университетке келудегі басты мақсат – кадр мәселесі. Конкурс жарияланып, Директорлар кеңесінің отырысында бұл мәселе бірнеше рет қаралды. Республикалық комиссияның шешімімен Лаура Қарабасова университеттің ректоры болып тағайындалды. Лаура Қарабасова М.Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебін үздік бітіріп, одан кейін осы университетте білімін жетілдіріп, кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы ең беделді ЖОО-лардың бірі Уорик университетін тәмамдаған. Сонымен қатар, Назарбаев университетінде білімін жалғастырып, сол университетте менеджер мамандығынан бастап, департамент басшылығына дейін көтерілді. Осындай дүниежүзілік деңгейдегі білімімен, біраз тәжірибе жинақтай отырып Лаура Чапайқызы өз университетінде жұмыс істейтін болады», – деді.

Жаңа ректор Лаура Қарабасованың жасы 34-те. Осылайша ол республика бойынша ең жас ректор атанды.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети